Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қазақстанның Тәуелсіздігі-Мәңгілік елдің ұлы тарихы

20  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 11 наурызында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойлары аясында «Қазақстанның Тәуелсіздігі-Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты тақырыпта облыстық семинар –кеңес өткізілді. Облыстық семинар кеңестің  негізгі мақсаты:

-Ұлттық тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеу және жаңа ғылыми тұжырымдарды көпшілікке жет­кізу арқылы елдің тарихи санасын жетілдіру. Әлемдік және ұлттық тарихты зерттеу жұмыстарындағы жаңғырту үрдістерін, методологиялық жағынан жаңаша көзқарастарды қалып­тастыру мен қазіргі тарихи үрдістер ерекшеліктеріне, ұлттық құндылықтар мен ғылымдағы бәсекелестікті қалып­тастыруға, Қазақстан тарих ғылымының халықаралық тарихи қауымдастыққа кірігуіне байланысты өзекті мәселелерге тоқталу, оның шешу жолдарын қарастыру;

-Біздің Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдыру- әлем елдерінде орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарға Қазақстанда жол бермеудің және еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру мен жаңғыртудың және әлемдік деңгейге жеткізудің кепілдігі.

-Тәуелсіз Қазақстандағы елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жүйелі жұмыстарын насихаттау;

-Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерлік тарихын бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырту, өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылық тәрбие беру болып табылады.

19 Облыстық семинар кеңес аясында Институт педагогтерінің инновациялық жұмыстарының көрме- презентациясы ұйымдастырылды. Облыстық семинар-кеңесті директордың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш.Н.Ергешбаева жүргізіп отырды. Пленарлық мәжіліс барысында п.ғ.д., профессор «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ директоры Искакова Лаура Турлыбековна «Тәуелсіздік шежіресі – қазіргі заманның жаңарған тарихы» атты тақырыпта баяндама жасады. Өз баяндамасында білім беру саласындағы атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға, еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру мен жаңғыртудың және әлемдік деңгейге жеткізудің негізгі басымдықтарына талдау жасады.

   «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдениет орталығы төрағасының орынбасары Турдикулов Бегмат Нарметович «Ынтымағы жарасқан елміз» атты тақырыпта баяндама жасап, қазіргі таңдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдениет орталығы тарапынан атқарылып жатқан игі істерді сараптап берді.

   «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы «Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақстан!» атты тақырыптағы өз баяндамасында Қазақ хандығының құрылу тарихына, Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатына, Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта алар орны мен роліне тоқталып, бүкіл институт қызметкерлерін алдағы кезектен тыс президент сайлауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бір кісідей дауыс беруге шақырды.

  Ал өз кезегінде сөз алған «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Матекова Бақтигуль Темирхановна облыстық семинар-кеңеске қатысушыларды «Тәуелсіздік толғауы –халқымыздың қастерлі тәуелсіздігі мен мәңгілік елдің болашағы» тақырыбындағы өзінің әдістемелік нұсқаулығымен таныстырды.

   Облыстық семинар-кеңеске білім беру саласының қызметкерлері, институттың ғылыми қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, курс тыңдаушылары және семинар кеңестің қонақтары мен бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.