Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және математикалық функционалдық сауаттылығын дамыту

  17«Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2015 жылғы жоспарына сәйкес “Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасы ақпан айының 24-шы жұлдызында жаратылыстану (химия-биология, география және физика) мен математика пәндері мұғалімдері үшін «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және математикалық функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

   Семинардың мақсаты: мұғалімдердің ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін PISA бағдарламасы тапсырмаларын құрастыру мен оқытудың белсенді стратегияларын орындауға оқушыларды дайындаудың жолдарын үйрету.

18   Семинарға облыс мектептерінен 43 жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының PISA бағдарламасының тренерлері: жаратылыстану сауаттылығы бағыты бойынша Шитыбаев С.А., Есентуреева Г.Д., Батькаева Г., Медетова Л.; математикалық сауаттылығы бағыты бойынша Керимбеков М.А., Сугирова Б., Сазабаева А., Акбердиева К.А. теориялық және практикалық білімдерімен бөлісіп, сонымен қатар бағдарлама бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымен таныстырып, пікір алмасты. Семинар соңында белсенділік танытқан мұғалімдер мадақтама қағаздарымен марапатталды.