Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ата-аналар жиналысының технологиясы

  15 «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ –да 16-28 ақпан аралығында сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі жетекшілерінің біліктілікті арттыру қысқа мерзімді апталық курсы өткізілді. Курс барысында «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары Алия Естемирова мен Гүлсара Мырзатаева бірлесе отырып, топ тыңдаушыларымен 28 ақпанда «Ата-аналар жиналысының технологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өткізудегі мақсат, мектептегі ата-аналармен жұмыстың жаңа формасы, әдіс-тәсілдерін үйлестіру, бүгінгі ата-анамен  мектептің арасындағы байланыстың  әлсіздігі жайында және одан шығар жолдың бірден-бір тиімді жолы жаңа инновация әдіс-тәсілдерін орынды пайдалана жүріп, ата-ананың өз баласының болашағына деген қызығушылығын ояту болды. Өздерінің біліктілік дәрежесін жетілдіру мақсатында өлкеміздің түкпір-түкпірінен жиналған әріптестеріміз, білім мен тәрбие саласында өздерінің көкейінде жүрген мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланысы жөнінде тамаша ой-пікірлерін ортаға салып, түрліше пікірлерін білдіріп ортаға салып пікір алысты.

    Қорыта айтқанда, білім мен тәрбие беру – қиыны мен қызығы мол қастерлі еңбек. Бүгінгі күнде ел болашағын білім нәрімен сусындатып жүрген педагогтар, білім мен тәрбие беруде басты қозғаушы күш, мотиватор болуымен қатар, балаға жүрек жылуымен ізгілендірген білім беруде, шығармашыл тұлға қалыптастырып талмай, тынымсыз еңбектеніп жүргендері қуантты.