Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Елбасы Жолдауы – білім беру ісін қолдау

   2018 жылдың 11 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ қызметкерлерімен семинар-мәжіліс өтті. «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ директоры Искакова Лаура Тұрлыбекқызы Жолдауды қолдай отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса түйткілді мәселелерді көтергендігіне тоқтала отырып, Президентіміздің барша қазақстандықтарға жүктеп отырған жетінші  міндеті  — адами капитал – жаңғыру негізі екенін атап өтті.

IMG_1743

   Іс-шара барысында «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Б.Матекова баяндама жасай отырып Жолдауда Елбасы атап көрсеткен негізгі маңызды құжатта 10 бағыт бойынша тоқталды.  Баяндама барысында білім саласына бағытталған мәселелерді нақтылай айтып өтті.
   Жарыссөз барысында институт директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ергешбаева Шынар Нәлқожақызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы және кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары Жолдауды қолдай отырып, жаңартылған мазмұнға сай педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын жоғары деңгейге көтеру қажеттілігіне тоқталды.

IMG_1753

   Ергешбаева Шынар Нәлқожақызы «Озық болып, табысқа қол жеткізген шақта алдымызда қандай қиындықтар кездессе де ел бірлігін сақтай отырып, Елбасының Жолдауын «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ педагогтері бір кісідей қолдайды, адами капитал сапасын жақсартуды мақсат етіп, елжанды ұрпақты тәрбиелеуде білім беретін облыс педагог кадрларының білім, білік, дағдысын қалыптастыру бағытында адал жүрекпен аянбай еңбек етуге шақырамын»,- деп семинар-мәжілісті қорытындылады.
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының 
аға оқытушысы Б.Т.Матекова