Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Тарихтан тағлым тартқан жазушы» атты оқырмандар конференциясы

13  Еңбегімен ел құрметіне бөле­ніп отыр­ған, Қазақстанның Халық жазушысы, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, «Түрік дүниесіне қызмет» атты халықаралық сыйлықтың иегері, жазушы, ғалым­ Мұх­тар Мағауин 75 жасқа толып отыр.

   Жазушы, ғалым­ның 75 жылдық мерейтойын атап өтіп, құнды шығармаларын оқырманға жеткізу мақсатында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының қызметкерлері бірлесе отырып 2015 жылдың 20 ақпан күні «Тарихтан тағлым тартқан жазушы» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Конференцияға жазушының қаламдас ізбасарлары, өлкеміздің ұлықты да, құрметті азаматтары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, драматург-жазушы Захардин Қыстаубаев пен Н.Төреқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, ақын, түркітанушы Сәрсенбек Сахабат ағаларымыз қатысып, оқырман қауыммен жазушының шығармаларына тоқталып, өзара пікіралмасты.