Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын

   181 Ұстаз — ұлы тұлға. Ұстаз-ұлы мамандық. Бүгінгі әңгімемізге арқау болар кейіпкерлеріміз осы ұлық мамандықтың иелері Оңтүстік Қазақстан облысы «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және Бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Асқарова Айжамал Тұрғанбекқызы мен Туранова Гүлжанш Құрманәліқызы.

    Оқу жылының II-жарты жылдығы, яғни 2015-жылғы қаңтар айының 5-17-жұлдызы аралығында ұйымдастырылған «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Мырзалы Рахима Ратайқызының ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданы мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне курс өтілді. Курсқа қатысушы мұғалімдер жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, жоба жұмыстарын,сабақтың жаңа үлгісі бойынша өзіндік тапсырмаларды,бақылау жұмыстарын шығармашылық танытып, қорғап шықты. Ал бұл жұмыстарды жауапкершілікпен орындауға біздің алғаш дәріс,  семинар, практикалық сабақтардың өте тартымды өтуі. Сабақтағы тәртіп, тазалық, жауапкершілік сияқты жақсы қасиеттердің қалыптасуы бізге зор ықпал етті.

  Курста адам баласы үшін ең басты бес құндылықтармен таныстық. Олар: Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау. Сүйіспеншілік бар жерде, жүрегімізде  ыстық сезім, таза ақыл, шуақты нұр, ізгілік пен мейірім болатынын айта келе, жаңа мазмұндағы пәнді оқытудың сабақ жоспары құрылымының өзгергендігін және басты бес әдісті қолдану керектігін ұғындық.

   Болашақта өзін-өзі тану пәнінің ұстаздарына ой түйе білуге, ой, сөз бен істің бірлікте болуына,мұғалімнің сабақ беру қағидатын ұстана отырып, оқушының өз мүмкіндігін жүзеге асыруы барысында, оның күшті және іште оянған  біртұтас әлеуетін дамытуға шабыт қоса отырып, «Бала  жүрегінде адал және игі сезімдерді тәрбиелеу, әртүрлі біліммен байытудан гөрі қажеттірек әрі қымбаттырақ»-деген белгілі педагог Ш.А. Амонашвилидің қағидасын берік ұстанған Айжамал Тұрғанбекқызына, Гүлжанш Құрманәліқызына алғысымыз шексіз.

  Алдағы уақытта осы ұжымды басқарушы институт директоры, п.ғ.д. Искакова Лаура Тұрлыбекқызына директордың орынбасары п.ғ.к Ергешбаева Шынар Нәлходжақызына, Айжамал Тұрғанбекқызына, Гүлжанш Құрманәліқызына дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, шексіз бақыт, жас ұрпақтың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында шығармашылықпен  еңбек етіп, ұстаздардың алғысына бөлене беріңіздер дегіміз келеді.

Курс тыңдаушысы, «Батсу» негізгі орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Өмірбай Гүлзипаның арнау өлеңін ұсынамыз.

Бала шуақ, ана мейірім, ұстаз нұр,
Шәкірттерсіз бұл өмірде-ұстаз тұл.
Ұстаздардың ұлылығын меңгерген,
Инеменен құдық қазып тер төккен.
 
Білім кілтін-ұстаз ашқан әуелде,
Ұстаздар ғой, ең асыл жан әлемде.
Ұстаздарға ұстаз болу, батырлық,
Шын жүректен біз тілейміз денсаулық.
 

Ізгі ниетпен: Ордабасы ауданы мектептерінің

өзін-өзі тану пәні мұғалімдері атынан

Н. Нысанбайұлы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Ибраимова Нұргүл Серікқызы.