Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Өзіңді де, өзгені де аяла» қайырымдылық акциясы

  12 «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Аскарова А.Т., «Өзін-өзі тану» курсының тыңдаушыларымен бірге 2015 жылдың 13 ақпанында Шымкент қаласы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге «Өзіңді де, өзгені де аяла» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға балалар үйінің 2 сынып оқушылары қатысты. Акцияны ұйымдастырушылар балаларға «Қызыл телпек» ертегілер әлеміне саяхат, жұмбақтар шешу, флешмоб ұйымдастырды, түрлі-түсті қағаздардан аппликация жасап, жылы лебіздермен бір-біріне сыйлау іс-шараларын өткізді. Барлық акцияға қатысушы оқушыларға сыйлықтар тарту етілді.