Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тұлғаны тәрбиелеу тұғырлы міндет

  IMG_0025 «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  кафедрасы аясында 2015 жылдың 02.02-14.02 аралығында  «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша математика пәні мұғалімдері үшін, «Коучинг және тәлімгерлік негізінде сыныптағы тәрбие жұмысын жетілдіру», «Елжандылық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру негізі» тақырыптарында сынып жетекшілердің, «Технология» пәні мен «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсын кіріктіріп оқытуды әдістемелік қолдау тақырыбында технология пәні мұғалімдерінің біліктілік арттыру курстары өткізілді.

IMG_0069   Курс барысында сынып жетекші тыңдаушылармен бірге Қ Сағынтаевтың жетекшілігімен «Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен мақсаты және курс жетекшісі Б Айдарбектің басшылығымен технология пәні мұғалімдері арасында «Мектепте оқу өндірістік шеберханаларын талаптар тұрғысынан жабдықтау» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.Дөңгелек үстелдер барысында білім саласына қатысты, сынып жетекші қызметі мен міндеттеріне байланысты көптеген келелі ойлар ортаға тасталып, талқыланды.

   «Білім беру жүйесінде оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі басылымдықтар» атты тақырыбында Байназарова Бағланның жетекшілігімен сынып жетекшілер арасында конференция өткізілді.Конференция барысында курс тыңдаушылары өз баяндамаларын оқып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.

  ПҚБАИ Ғылыми кеңесіне басылымға ұсынылған «Пути развития функциональной грамотности чтения школьников»  тақырыбындағы Г Бекболаеваның әдістемелік құралы бекітілді. .

  Кафедра аға оқытушылары аудандардан келген сынып жетекшілерге, технология пәні мұғалімдеріне, ПИЗА оқытушыларына өз пәндері бойынша әдістемелік кеңестер берілуде.