Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Курстан алған ғажап әсерім

   182 Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып саналады. Осы орайда Ұлт көшбасшысының жасап жатқан жұмыстары мен орындауға тапсырған жұмыстары жетерлік. Ұрпақтың саналы болуы ұстаздар қауымыны артылған үлкен міндет. Осының негізінде мұғалімдердің білікті де білімді болулары қажет.

   «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен институт базасында қаңтар айының 19 мен 31 аралығында «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын  дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курс өтті. Курс барысында тыңдаушылар PISA бағдарламасының мақсатымен, мазмұнымен, құрылымымен, PISA – 2015 халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерімен, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының компоненттерімен танысты, белсенді оқытудың  стратегияларын  қолдануды меңгерді.

   Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  Алғашқы күннен бір – бірімізге жылы шырай танытып, бәріміздің бірлесіп жұмыс жүргізуімізге «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушыларының ерен еңбегін атап өтпесем болмас. Тренер Медетова Лаура Сухраповна жас та болса бас болып, барлығымыздың мақсатымыз бір екендігін ұғындыра отырып, бізді бір арнаға бұрды. «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі Құдайбергенова Майра Бақтыбайқызына, кафедраның аға оқытушылары Қуанышбаева Зәуре Бекенқызына,  Батькаева Гулнар Асқарқызына, Тургунова Динара Камалбекқызына алғысымыз шексіз.

  Тренерлерімнен алған аздаған білімімді ұрпақ тәрбиесіне арнап, облысымыздың білімді ұрпақтарын ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат пен азаматша ғып шығару арманым.

Абдукаримова Орынкүл Маханбетжанқызы

Ж.Жүнісбеков атындағы негізгі орта мектебінің

физика-математика пәнінің мұғалімі

Бәйдібек ауданы