Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Кемел білім – кемел болашактың ұйытқысы

   Қазіргі таңда үнемі ізденіс үстінде жүріп, білімін шыңдау, кез-келген ұстаздың ең адамдық қасиеттерінің бірі деп санаймын. Өйткені, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, білім беруде жаңа қырынан көріну, өзінше ізденіп біліктілігін арттыруды мақсат ету әрбір ұстаздың  серігі. Сондықтан  заман ағымына сай, өз біліктілігін арттыруда аянбай еңбектеніп, тер төгу  арқылы білім көкжиегінен көріну, ұстаздың міндеті болып отыр. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», — демекші  қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты  саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін  демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті  туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік  жүйеге  жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру — бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

  Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатын дәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс, қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымның артқан сенімін ақтау жолында, бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді сіңіртіп, бірақ осы аздау-ау, ертең тағы қандай жаңалық алғым келсе екен деген ой  мазалап, ертеңгі сабақ жоспарына тағы бір нәрсені түртіп қоюына себеп бар болса, ұстаздың шығармашылығы сарқылмас. Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер — ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» — деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі жоғары болуы шарт.

  Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз. Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні — жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі. К.Д.Ушинскийдің айтуынша: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек». «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», — деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді  ұрпақ. Сусыз, құрғақ, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпағымызды тәрбиелемесе өспейді, өнбейді. Міне, өз ұрпағының өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір  ұстаздың міндеті болып табылады. Жаңашыл ұстаз — шәкірт бағы.

  Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар «Мұғалім мамандығы–барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық Қыран  түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.

  «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса — бізге сын – деп бекер айтқан жоқ. Сонымен қазіргі таңда білімнің шыңына жету, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру жолында ізденістер аясында жүрген Сайрам ауданы Қарабұлақ елдімекеніндегі №104 негізгі орта мектебінде семинар ұйымдастырылды. Семинар қазақ тілі пен әдебиеті және  бастауыш сынып мұғалімдері: «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері білім сапасын көтерудің кепілі» деп аталып, бұл оқушылардың білім сапасын көтеруге және мұғалімдердің озық тәжірибені ортақ әдіске айналдыруға тағы бір баспалдақ болды. Семинарға аудан мектептерінің Сайрам аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері Ә.Мұстапаев пен М.Тастанбеков, қазақ тілі және әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының тренерлері Абай Тұрсынбаев, Айгүл Айдосова қатысып семинардың өту барысына оң баға берді. Семинардың басталуында мұғалімдер үшін коуч сабағы ұйымдастырылып, барысы  оқытудың бірнеше жаңа әдіс-тәсілдері және семинардың мақсаты жайлы түсінік беруден басталды. Семинар төмендегі тақырыптар мен мұғалімдер: «Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем» Ахмедова Насиба, «Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесі» Адилова Зилола, «Жемістер мен көкөністер» Азимбаева Севара «Еркіндіктің әні» Бабашева Мамлакат, «Тапқыр достар сайысы» Юлдашева Нафиса, «Заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер» Базартаева Шохида «Екі таңбалы санды көбейту және бөлу» Умарова Малика ұйымдастырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігін ашып көрсете білді. Зал ішінің өзгеше безендірілуі, тірексызбалардың өзіндік ерекшеліктері, мұғалімдердің небәрі екі жылдың көлемінде атқарған жұмыстарын анық бейнелеп көрсете алды десем қателеспейтін шығармын. Бұл баға жетпес дүниенің тағы бір айқын көрінісі «Біз -тәуелсіз елдің бақытты жастарымыз» атты тәрбие сағатында өз жалғасын тапты. Тәрбие сағаттың ұйымдастырылуына «өте жақсы» деген баға берген бастауыш пәндері бойынша аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Тастанбеков: «Құрметті көпшілік, алтын уақытымыздың алтын дәуірінде болашағымыздың іргетасын берік ұстаушы, бәсекеге қабілетті, шыдамы мол, бойында отанға деген сезімдері лаулап тұрған, салт-дәстүріміздің қазына екеніне көрерменнің тағы бір көзін жеткізе алған, дені сау ойы бекем жастар тәрбиелеп жатқанын міне, мұғалімдер ұжымы бұл тәрбие сағатта анық көрсете алды, мен бұған дән ризамын» деп өз пікірін білідрсе, «Өрлеу» біліктілікті  арттыру орталығының тренерлері Айгүл Айдосова мен Абай Тұрсынбаев та өздерінің бұл семинардың ұйымдастырылуы, өткізілу барысын өте жоғары бағалады.

  Семинар жайлы айтылған  аудан мектептерінен келген мұғалімдерінің оң пікірлері де мектеп ұжымының еңбектерінің бекер кетпегенінің  дәлелі болды.Семинарды Ы.Алтынсаринның: «Жақсы мұғалім мектептің жүрегі» — мен өз ұжымымыздың мынадай жетістіктерін мақтан тұтамын. «Бала ынтасын ояту үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» — дейді Ж.Аймауытов. Аристотельден Әль-Фарабиге, Әль-Фарабиден Алтынсаринге, одан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан оқу үдерісі уақыт талабына орай көптеген өзгерістерге ұшырап отыр. Біз оқушыларымыздың санасында жаңалықтардың ұрығын себу үшін ұстаздар қауымымен барынша еңбек етуден тоқтамаймыз» — деп семинарға қорытынды жасаған мектеп директоры  Р.Шажалиловтың сөздері семинардың мән-мақсаты мен мүддесіне анықтық кіргізген сияқты.

   Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен бағыттарға негізделіп отырса, елімізідің өркендеуіне баспалдақ болары сөзсіз.

Юнусметова Наргиза Мамуржановна,

Ахмедова Насиба Абдимажитовна

№ 104 негізгі орта мектебінің  мұғалімдері