Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

8 2015 жылдың ақпан айының 02-14 жұлдыздары аралығында қысқа мерзімді «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне курс өткізілуде. Курс тақырыбының өзектілігі жаңаша оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес: 15 жастағы оқушыны алдағы өмірге дайындау, оқытылуы қазақ тілінде жүргізілетін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша ғылыми тұжырымдаманы түсіну, білу, жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.

Курстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті бағытындағы мұғалімдерді оқушыларды ғылыми сауаттылық пен PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындаудың белсенді жолдарын үйрету.

Міндеттері: 1.Түсіндіре білу:

— PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны, құрылысы;

— PISA – 2015 халықаралық зерттеу тапсырмаларының түрлері;

— қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығының компоненттері;

2.Белсенді жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілдерін зерделеу және тәжірибеде қолдану;

3.Қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды зерделеу және қолдану;

4.PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құру дағдыларын қалыптастыру;

Оқыту әдістері: Белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті шешу әдістері: дәріс-әңгіме, «Мен-Сен- Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары» және т.б оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып  тренингтер өткізу.