Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Бүкіл әлем сенің алақаныңда» атты қайрымдылық іс-шара

  6 2015 жылдың  қантар айының 29 күні «Мұғалімнің  кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары және өзін-өзі тану пәні бойынша курс тыңдаушылары Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде «Бүкіл әлем сенің алақаныңда» атты қайрымдылық іс-шара өткізді. Іс-шараға балалар үйінің 2 сынып оқушылары қатысты. Іс –шара ұйымдастырушылары балалармен  ертегілер әлеміне саяхат жасады, жұмбақтар шешті, түрлі-түсті қағаздармен жапсырма тапсырмаларын орындады, бір-біріне тілектерін айтты. Іш-шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.