Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқытушылардың біліктілігін арттыруда тәжірибе алмасудың маңыздылығы

1     19.01.2015ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың қаңтар айының 14-16 жұлдызы аралығында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы арасында біліктілігін жетілдіру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел, түрлі тақырыптарда тренингтер, пікірталастар мен шебер сыныптар форматында ғылыми-әдістемелік жұмыс семинары өткізілді.

    Жұмыс семинарының тақырыптары институттың ПОҚ ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуге, инновациялық дамудың міндеттерін жүзеге асыруға, педагогикалық іс-тәжірибелерінде туындайтын мәселелердің шешу жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған.  Семинар барысында талқыланған тақырыптар: «Пәндерді оқыту үдерісінде кәсіпке бағдарлау мәселелері», «Жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалану», «Педагог кадрларды кәсіби бағдар беруде психологиялық сүйемелдеу», «СИТО жүйесі бойынша тест сұрақтарын құрастыру арқылы сыни ойлауды дамыту», «2015-2017 жылдарға арналған мемелекеттік ғылыми зерттеулер грантының жалпы ережелері» және «Әдістемелік құрал мен оқу-әдістемелік кешеннің рәсімделуіне қойылатын талаптар».

  Семинарға қа3тысқан оқытушылар біліктілікті арттыру курстарында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын, педагог кадрларға кәсіби бағдар беруде психологиялық сүйемелдеуді, пәндерді оқыту үдерісінде кәсіпке бағдарлау; ғылыми-әдістемелік жұмыс қызметін теориялық және тәжірибе жүзінде көрсету, оқу-әдістемелік құралдарды рәсімдеу және құрастыру  бойынша тәжірибе алмасты. Түрлі формада ұйымдастырылған пікірталастар, сұрақ-жауап тәртібінде жүргізілген іс-шаралар жаңа идеялармен, тәжірибелік істермен бөлісуге қолайлы жағдай туғызды.

  Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы келешекте пайдаланатын қажетті тәжірибелік материалдарды дер кезінде ұсынылғанын, аталмыш жұмыс семинарының практикалық маңыздылығын және құндылығын атап өтті.