Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Инклюзивті білім берудегі құзыреттілік тәсіл» тақырыбындағы облыстық on-line семинар

img-20161227-wa0010

   2016 жылы 27 желтоқсанда «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының жұмыс жоспарына сай «Инклюзивті білім берудегі құзыреттілік тәсіл» тақырыбында облыстық on-line семинар өткізілді.

   Семинардың басты мақсаты мектепте инклюзивті және арнайы түзету тәжірибесін жүзеге асыру жағдайында түрлі инновациялық және интерактивті оқыту әдістемелерін енгізу және қолдану тәжірибесі, оқу мүмкіндіктері әртүрлі балалар үшін бірыңғай білімдену ортасын, сондай-ақ, педагогикалық кадрларды дайындау проблемалары, олардың инклюзия жағдайында психологиялық-педагогикалық жұмысқа арнайы дайындық жүргізу бойынша мектеп басшылары, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

img-20161227-wa0009 Бағдарлама бойынша семинарды директордың ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Б.Ахтаев ашты. Ол өз сөзінде елімізде қазіргі таңда инклюзивті білім беру қолға алынып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Семинардың барысында бағдарламаға сай барлық баяндамашылар өз тақырыптарының мазмұнын ашып, ең өзекті мәселелерді атап өтті. Шымкент қаласы, №39 жалпы орта мектебінің логопеді А.Кулбаеваның «Логопед сабағында қолданылатын ойындар» атты баяндамасы мектеп оқушыларына жүргізілген практикалық ойындарды толық қамтыды. Кафедраның аға оқытушысы М.Егембергенова «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру» тақырыбында мектепте жүргізілетін іс-құжаттар туралы өте жақсы мағлұмат бере алды. Кафедраның аға оқытушылары З.Ибраимова мен Г.Садыкова инклюзивті білім беруде педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру жайлы құнды пікірлер айтты.

   Семинар соңында қатысушылар жасалған баяндамалардың құндылығын, мектептегі жұмыс барысында бұл материалдардың көмегі зор екенін, семинарды өз деңгейінде өткізілгенін атап өтіп, кафедра ұжымына өз алғыстарын білдірді.