Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында зиялы ұлт әлеуетін дамытудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы  педагогикалық идеялар фестивалі

img-20161226-wa0013

   Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҚР Президентінің 2016 ж. 1.03. № 205 Жарлығы) іске асыру мақсатында  және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО   бойынша ПҚБАИ  облыстық идеялар Фестивалін өткізді.

  Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында институт img-20161226-wa0015жоспарына сәйкес «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы жалпы орта мектеп директорының оқу үдерісін ұйымдастырудағы өзіндік идеясы мен мұғалімнің оқытуды іске асырудағы үздік  идеясын  насихаттау және жинақтау мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында зиялы ұлт әлеуетін дамытудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы педагогикалық идеялар Фестивалі облыс көлемінде  ұйымдастырды.

img-20161226-wa0012    Фестиваль барысында қатысушылар бүгінгі таңдағы өзекті сұрақтар аясында  жұмыс жасады:

— жалпы орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандартты,  оқу жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру;

— 12 жылдық оқыту моделіне мұғалімдердің бастапқы тәжірибелерін тарату;

—   өмір бойы білім алу және кәсіби біліктілігін арттыру.

   Фестивальде кіріспе сөз «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институт директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары т.ғ.к. М.Б.Ахтаевқа берілді. М.Б.Ахтаев бүгінгі Фестивальдің мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, институттың жалпы жаңартылған бағдарлама аясында атқарған жұмыстарына шолу жасап өтті.

  Осы бағытта «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын мектепте қолданылып отырған оқу бағдарламаларына ендіртудің жолдары мен мүмкіндіктері туралы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. М.Медетбекова баяндама жасады.

  12 жылдық білім беруге көшу қарсаңында ұйымдастырылып жатқан  бүгінгі іс-шараның маңызы зор болды. Осы іс-шараға облыстағы ең үздік, шығармашыл білім қызметкерлері қатысты. Фестиваль барысында шығармашыл педагогтер білім берудің қазіргі жағдайы мен даму болашағына жан-жақты талқылаулар жасады.

   Бүгінгі іс-шара білім беру саласындағы сапалық өзгерістердің бастамасы болатындығына және Елбасымыздың білім саласына қойған міндеттерін тиімді іске асыруда,  білім беру сапасын арттыруда әр педагог өз үлесін қосады, — деп, Мақтарал ауданы «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директоры Убайдина Гулжан «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына сұхбат беру барысында Фестивальге қатысушылар атынан сенім білдірді.

  Фестивальдің қорытындысы бойынша жаңартылған бағдарлама аясында оқыту мен  оқу үдерісін ұйымдастырудағы  алдыңғы қатарлы  педагогтердің идеялары анықталып, бас жүлдеге  Мақтарал ауданының «Жеңіс» мектеп-гимназиясы ие болды. Сонымен қатар, бірінші, екінші, үшінші орындардың жеңімпаздары марапатталып, қатысушылардың шығармашылық жұмыстарына қарай «Сабақтың өзіндік  идеясы»,  «Ең үздік сабақ үлгісі»,  «Менеджменттік идея»  номинациялары берілді.