Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Біліктілікті арттыру жүйесінде ғылыми бағытты өзектілендіру

img-20161220-wa0060

   2016 жылы 13 – 15 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ  базасында  Web of Science и Spingerlink платформасын пайдалану бойынша біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылып, республика көлемінде ғылыми бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыруда институт қызметкерлері үшін аса тиімді болды.

  Ақпараттық семинарда Thomson Reuters ресурстарымен практикалық жұмыс жасауды, Web of Science платформасы туралы ақпараттық мәліметтермен, Web of Science Core Collection ғылыми басылымдардың рефераттық шағынқалыптастырылған базасымен және EndNote Online библиографиясы менеджерімен, ResearcherID зерттеу жұмысындағы авторлық профилдермен таныстырылып, келешекте жұмыс жасау жолдарын қарастырды.

img-20161220-wa0061   Thomson Reuters және Springer Nature жалпы білім беру семинарларының лицензиялы менеджерлері М.Сидорова,  Д.Бухтоярова, Л.Мукашева мен И.Александровалар «Неғұрлым өзекті жарияланымдарды сіздің салаңызға орай қалай табуға болады?», «Жоғары көрсеткішке ие авторларды қалай білуге болады?», «Ғылыми журналдағы импакт-фактор дегеніміз не?», «Ғылыми жарияланымдар нәтижесіне арналған рейтингісі жоғары журналды қалай табуға болады?», «Сапалы мақалаларды қалай дайындауға болады?» деген тыңдаушылар сауалдарын қанағаттандырарлық қадамдық тренингтерді көрсетті.

  Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі ең көне және ірі Springer Nature компаниясындағы (1842г.)  ғылыми журналының толықмәтіндік топтамасына Қазақстандағы  барлық академиялық және ғылыми ұйымдар әртүрлі ғылым салалары бойынша тегін қолжетімділікке ие болып отыр.

  Әрине, алынған мәлімет көздерінің арқасында жуық арада сөзсіз алдыңғы қатарлы заманауи ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар саны артары хақ. Сонымен қатар Springer журналдары мен (Thomson Reuters) импакт-факторында және индекстелген Scopusта қазақстандық педагогтердің жарияланымдар бойынша белсенділігі артады.

  Семинар тақырыптарындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибелік даярлықтан өткен қысқамерзімді біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына сертификаттар берілді.