Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жемісті еңбекке – жоғары марапат

2365

 Облыс әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы атынан елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және білім саласына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, ғылым және мәдениет қайреткерлері бар.

 img_6511    Шара барысында “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ директоры Искакова Лаура Тұрлыбекқызы және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ергешбаева Шынар Нәліхожақызы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ұжым өзінің еңбегімен, белсенді қызметімен танылып, мемлекеттік наградаға ие болған институт басшыларын шын жүректен құттықтайды.