Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қуатты Қазақстан – әлуетті аймақтар

img_6472

  2016 жылы 13-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы аясында  “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Ақпараттық технологиялар бөлімі «Қуатты Қазақстан – әлуетті аймақтар» тақырыбында бейнеролик және бас қаламызға арналған «Астана» фотокөрмесін ұйымдастырды.

  Іс-шара  мақсаты:  Қуатты Қазақстанның кешегі мен бүгінін дәріптеу.

img_6468  Іс-шараға институт қызметкерлері мен Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Аталмыш «Астана» атты көрмеде Тәуелсіздігіміздің Ұлы тарихы елорданың жаңа орамдары, алаңдары, саябақтары мен сәулет өнерінің туындылары, шаһардың көрікті жерлері мен Елбасының шет елдік жоғары шенді меймандарды қабылдау сәтінен түсірілген фотоқұжаттар, дәстүрлі және дүниежүзілік діни көшбасшыларының съезі кезінде жасалынған түсірілімнен фотоколлаж көрсетілді. Мақсат- қатысушылардың Астанаға деген сүйіспеншілігін, Отанға деген перзенттік сезімдерін арттыру

img_6475  Мерекелік шарада директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы  Ел тәуелдіздігінің 25 жылдығындағы жетістіктер мен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың білім мен ғылымға аса көп көңіл бөліп отырғандығына тоқталды. Іс-шараны жүргізген Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Бақыт Садыков қатысушыларды Астананың қалыптасу тарихымен таныстырды.

  Мерекелік шара «Қуатты Қазақстан – әлуетті аймақтар» тақырыбындағы бейнероликті тамашалаумен жалғасты. Бейнероликте Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістіктеріне қорытынды жасалып, қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуы үшін топтастырудың өзегі болып табылатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын ілгерілету  жолдары көрсетілді.