Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық спартакиада

3

  2016 жылы желтоқсан айының 14-жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт базасында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының тренерлері Е.Жұманов, А.Болганова, Ж.Кансеитовалардың ұйымдастыруымен қалалық мұғалімдер Спартакиадасы өткізілді.

4 Қалалық спартакиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру,салауатты өмір салтын насихаттау.

  Аталған іс-шараның салтанатты ашылу сәтінде институт директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары М.Б.Ақтаев спартакиада қатысушыларына құттықтау сөздерімен қатар зор денсаулық пен жеңіс тіледі. Жарысқа қала мектептерінің құрама командалары қатысты. спартакиадада төмендегі спорт түрлерінің  жарыстары ұйымдастырылды:

  1. Волейбол.
  2. Үстел теннисі. Жеке түрде, кішкене топтарға бөлу арқылы өткізілді.
  3. Мылтық ату. Жеке түрде, команда құрамы 1 ер адам, АӘД пәні мұғалімдері арасында өткізілді.
  4. Тоғызқұмалақ. Жарыстарда колданып жүрген ережелер бойынша жеке түрде, кішкене топтарға бөлу арқылы өткізілді.
  5. Кіші футбол.

  Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар анықталып, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Мақтау қағаздарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.