Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ЭКСПО -2017 "Жасыл технология құрылысы Қазақстанда"

20161213_111825   2016 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығын мерекелеу  тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ  мен «Экологиялық орталық» МКҚК бірлесіп «ЭКСПО — 2017 «Жасыл құрылыс технологиясы  Қазақстанда» атты байқауын өткізді.

 Байқаудың мақсаты қатысушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, Отанға деген саналы құрмет сезімін қалыптастыру, Қазақстанның келешегі «Жасыл әлем» туралы танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

  Байқау екі бағыттан тұрды:

Бірінші  бағыт үйірме білім алушылары арасында «ЭКСПО — 2017» тақырыбында көркемсурет номинациясы ;

Екінші бағыт педагог қызметкерлер арасында «Өркениетті Казақстан» атты қолданбалы өнер туындылары (сабан, әр түрлі табиғи материалдар арқылы қолдан жасалған бұйымдар және композициялар, түс кілем, құрақ, кестелеу, өру, тоқымамен жұмыс) номинациясы.

 20161213_112109Жұмыс түрлеріне мынандай талаптар қойылды:

а) Жұмыстарды орындау түрлері мен техникасы шектелмейді, жұмыс өз   қалауынша рәсімделеді.

б) Байқауға қатысатын жұмыстар бұрын-соңды орындалмаған және        жарияланбаған, байқауларға қатыстырылмаған жаңа жұмыс болуы керек.

  Бірінші бағыт бойынша 13 үйірме білім алушылары бойынша 87 жұмыс қойылды. Көркемсурет номинациясы бойынша қазылар алқасының шешімімен қойылған талаптарға сай  жұмыстар  жеңімпаз деп танылып І, ІІ және ІІІ дәрежедегі дипломдармен  марапатталды.

20161213_123636І-орын Баймұхамедова Аружан «Гүлдер әлемі», жетекшісі- Ж.Намазбаева

ІІ-орын Төлепберген Асхат «Эрудит», жетекшісі-Ш.Таскетбаева

ІІ-орын Әбдіразақ Керемет«Экология ланшафт», жетекшісі-Г.Ерсары

ІІІ-орын Батырбек Бахытгүл  «Жас натуралист», жетекшісі- Ж.Блашева

ІІІ-орын Шаеп Алихан «Жасыл дәріхана», жетекшісі-Ұ.Ақбергенова

ІІІ-орын Ниязметова С «Экология және денсаулық», жетекшісі-А.Адилова

  Екінші бағыт   бойынша ЭКСПО — 2017 «Жасыл құрылыс технологиясы Қазақстанда» атты  көрме байқауына 22 педагог қызметкерлердің   жұмыстары қойылды. «Өркениетті Казақстан» атты қолданбалы өнер  туындылары номинациясы бойынша қазылар алқасының шешімімен қойылған талаптар мен ережелерге сай   жеңімпаз деп танылып І, ІІ және ІІІ дәрежедегі дипломдармен  марапатталды.

І-орын   Керимбеков Мухтар

ІІ-орын  Егизбаева Гүлдана

ІІ-орын  Мельницкая Элвира

ІІІ-орын  Исмаилова Жұпар

ІІІ-орын  Лауланбекова Айкен

ІІІ-орын  Мусаева Гүлзада