Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Қазақстандағы Индустриализацияның басты дамуы – «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»

img-20161213-wa0044

   2016 жылдың желтоқсан айының 12 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері С.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстандағы Индустриализацияның басты дамуы — «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Аталған іс-шара мақсаты: Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білім мазмұнын жаңарту жағдайында білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

img-20161213-wa0097   Дөңгелек үстелге мектепке дейінгі білім беру жүйесі, арнайы және инклюзивті білім беру, тәрбие жұмыстары, жалпы орта білім беру жүйесі бойынша мамандар қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

  • жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру;
  • сапалы білімнің қолжетімділігі;
  • жаңартылған білім беру мазмұны жайлы мәселелер.

   Іс-шараға қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар талқылап оқылды:

  • Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мыңбаева Жанар Сейдиллақызы «Мектептегі робототехниканы оқытудың ерекшеліктері»;
  • Шымкент қаласы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы Елжанова Гульфайруз Абдирасиловна «Музыка пәні оқытуда ықшам сабақ үлгісін пайдалану арқылы өнер салаларын сабақтастыру жолдары»;
  • Мақтарал ауданы №8 Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдрасулова Ажар Жантуреевна «Инклюзивті білім беруді оқытудың тиімділігі»;
  • Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері Рүстенбек Гүлзинат Мекенбайқызы «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру»;
  • Төлеби аудандық №16 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сахиева Нұрайна Сахыиевна «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер».

   Дөңгелек үстел соңында  қатысушылардың тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауаптар беріліп, кері байланыс жасалды. Кері байланыста іс-шараның қатысушылар үшін тиімді болғандығын, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге жауап алуға мүмкіндік жасалғандығын айтып, табысты іс-шараның жалғасуына ниет білдірді.