Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ХХІ ғасыр мектебінің моделі: CLIL әдістемесін қолдану тәжірибесі

1

    2016 жылдың  мамыр  айының  5 жұлдызында  Түркістан қаласы  № 20 мектебінің   базасында институт  жоспарына  сай  “ХХІ ғасыр мектебінің моделі: CLIL әдістемесін қолдану тәжірибесінен” тақырыбында  облыстық  әдістемелік  семинар өтті.

    Семинардың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын  жаңарту  шеңберінде   үштұғырлы тіл саясатын  жүзеге асыру және оқыту мен оқуда пән мен тілді кіріктіру арқылы  мұғалімнің пәнді меңгерту үшін қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіруін  бағыттау.  Семинарды “Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру” кафедрасы  (Қудайбергенова М.,Мусаева М) мен Деңгейлік бағдарламалар орталығының (Раимкулова Ж, Тасполат М, Бименова М) басшылығымен ұйымдастырып,  барлығы 103 білім қызметкерлері қатысты. Олар: аудандық, қалалық білім  бөлімдерінің  меңгерушілері, мектеп директорларының  оқу ісі меңгерушілері, бастауыш сынып мұғалімдерімен пән мұғалімдері.

3   Семинар бағдарламасына  сай І сессияда 3 таныстырылым, ІІ сессияда 4 практикалық сабақ, ал ІІІ сессияда 4 шебер  сынып ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары екінші  тілде (қазақ) ғылыми жобаларын  қорғады.

   Семинар барысында жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері   үш тілділік  саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, əлеуметтік  жəне  білімдік  мақсаттарына  сай қолданылатын  тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз  ету, пән мен тілді  кіріктіре отырып оқушылардың  тілдік ортаға ену арқылы өзге тілді үйренудің ең тиімді жолдары көрсетілді. Сонымен қатар пəнаралық байланысты дамыта отырып, тіл арқылы басқа  пəндердің мазмұнын меңгерту, CLIL екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру жолдары  таныстырылды.

Нәтижесінде семинар қатысушылары:

  • оқушыларды кең ауқымды дағдыларын дамыту жолдары туралы түсінікке ие болды;
  • CLIL әдістемесін еңгізуде топтық, жұптық  жұмыс формалары арқылы ұйымдастыру  жолдарымен танысты;
  • CLIL әдістемесі еңгізілген мектептерімен оқыту әдіс-тәсілдері бойынша  тәжірибе  алмасты.

     Қорытындылай келе, институт жоспарына сай ұйымдастырылған облыстық әдістемелік семинар жоғары деңгейде  өткізілгендігі атап өтілді.