Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық оқыту семинары

12

 «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының жылдық жоспарына сай 2016 жылдың 19 ақпанында «Заманауи қоғамдағы жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлықтарының әлеуметтік және педагогикалық мәселе» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

  Институт базасында өтілген семинарға облыс бойынша білім беру ұйымдарының психологтары мен мектепке дейінгі ұйымдарының психологтары қатысты.

13   Семинар жұмысы екі секция бойынша жүргізіліді: әр секцияда қазіргі таңдағы  көкейкесті мәселелер бойынша институт мамандары мен жеке шақыртылған педагог-психологтары семинар-тренингтер өткізді.

 Баяндамашылардың іс-тәжірибесімен танысқан семинарға қатысушылар нәтижесінде психотерапиядағы әдісті таңдау қағидаларын, мінез-құлық терапиясы, холотроптық тыныс алу, еркін тыныс алу, медитативтік техника, гештальттерапия, нарративті терапия, холлдинг терапия, танатотерапия, жанасу терапия, ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану заңдылықтарын меңгерді. Семинар соңында қатысушылар сертификаттар иеленді.