Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Хабарландыру!!!

    «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ, «Деңгейлік бағдарламалар» орталығы облыс мектептерінің Үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру курсының сертификатталған мұғалімдеріне арналған «Педагог келбеті: кешегіден  бүгінге дейін» облыстық сырттай үздік эссе байқауын өткізетіндігін хабарлайды. Байқау ережесі аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне таратылған және осы сайттан таныса аласыздар. Байқауға жіберілген жұмыстар janatraim@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. ДБО байқау қорытындысын 2016 жылдың наурыз айының 1 мен 7-сі аралығында сайт арқылы жариялайтын болады.

Байқау ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1. Ең үздік эссе бойынша «Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін» облыстық шығармашылық байқауы (бұдан әрі — Байқау) туралы осы Ереже Байқауды  өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды.

  1. Байқаудың мақсаты:

Жаңа заман талабына сай педагог имиджін қалыптастыру, әлеуметтік мәртебесін көтеру, шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету.

  1. Байқаудың негізгі міндеттері:

1) Педагогтардың ақпараттық мәдениетін дамыту;

2) Жаңа тұрпатты мұғалімдердің кісіби құзыреттілігін қалыптастыруды (Отандық, кеңестік  және шетелдік  педагог ғалымдардың еңбектері ) ғылыми тұрғыда негіздеудің педагогикалық шарттары;

3) Жалпы білім берудің кешегісі, бүгінгісі, жаңаша көзқарас, білім беру жүйесін дамытудағы  педагог  ролі;

4) Байқаудың ұйымдастырушысы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның ОҚО бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығы болып табылады.

5) Байқау 1 ғана(облыстық шығармашылық байқаулар)кезеңін қамтиды және байқауды ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

2.Байқау комиссиясы қамтамасыз етеді:

1)  Байқауға дайындықты және өткізуді;

2) Байқауға ұсынылған материалдарды бағалауды, іріктеуді және жинақтауды;

3) Ең үздік жұмыстарды – Байқау жеңімпаздарын айқындайды.

Байқауға “Өрлеу” ҰБАО АҚ-ның ОҚО бойынша ПҚБАИ базасында Үшінші (базалық)деңгей бойынша біліктілік арттыру курсын аяқтаған, сертификатталған мұғалімдер ғана қатыса алады.  Олар  өз эсселерін байқау комиссиясына жолдайды. Облыстық байқау комиссиясы ең үздік эссені айқындайды.

4) Байқау қорытындыларын келесі критерийлер негізінде байқау комиссиясы шығарады:

қ/с

 Эссе талаптары

 
 

Ұпай

көрсеткіші

(2-10 аралығында)

1 материалдың жарияланған тақырыпқа сәйкестігі  
2 тақырыптың толық ашылып жазылуы  
3 автордың өзіндік пікірі  
4 тіл байлығы мен мәнерлігі және синтактистік құрылымы  
5 ой сабақтау қисыны  
6 идеяның біртумалылығы  
7 ғылыми-теориялық негізделуі, мағлұматтар беру деңгейі  
8 мәтіннің  көркемдік құрылымға негізделуі  
  Барлығы  

5)Эсселерді бағалауды ұсынылған критерийлер бойынша 10 ұпай шкаласын пайдалана отырып, байқау комиссиясы жүзеге асырады. Байқау комиссиясының әрбір мүшесі берген жеке бағалардың орта арифметикалық көрсеткіші жобаның жалпы  бағасы болады.

6)“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның ОҚО бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығы жеңімпаздарды дипломдармен марапаттайды.

3.Байқауға қатысу шарттары

1.Байқауға қатысушылар байқау тақырыбының аясындағы шығармашылық жұмыстарын байқау комиссияның қарауына ақпанның 29-на дейін ұсынуы тиіс.

2.Жұмыстарды рәсімдеудің талаптары:

1) эссенің мәтіні электронды және баспа түрінде ұсынылады. Басылымда мақала авторының қолы болуы қажет;

2) эссенің мазмұны 1000- 1500 сөзді құрайды ;

3) файл эссе авторының фамилиясымен аталып, жақсылап тексерілуі керек: орфографиялық, стилистикалық және тыныс белгілік қателер болмауы тиіс;

4)  Word форматы, Times New Roman шрифті, кегль 14, аралығы дара, абзац қадамы 1,25 см, формат А 4, беттің барлық жиегі2,5 см. Беттер нөмірленген;

5) Әрбір беттің жоғарғы колонтитулында автордың аты-жөні, жұмыс орны көрсетілу керек. Сонымен бірге, эссенің бірінші беттінің оң жақ жоғарғы бұрышында автордың аты мен әкесінің бас әріптері және фамилиясы, ал ортасында шығарманың немесе эссенің атауы, жартылай майлы шрифпен жазылады.

  1. Туындыны байқауға ұсыну
  2. Байқау жұмыстары мен өтініштері (екі файлмен) «Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін» шығармалар байқауына» белгісімен облыстық байқау комиссиясына жолданады.

      Өтініш үлгісі:

1) тегі, аты, әкесінің аты;

2)жұмыс орны, тұрғылықты мекен-жайы;

3) пошталық мекен-жайы;

4) E-mail;

5) байланыс телефондары.

  1. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарын мараппаттау.  

Жеңімпаздарды арнайы дипломдармен мараппаттау“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның ОҚО бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығында өтеді. Ең үздік жұмыстар эсселердің арнайы жинағында, баспа беттерінде (Республикалық ғылыми-әдістемелік «Өрлеу»-Шымкент» журналы) басып шығарылатын болады.