Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мусаева Махфуза

Мусаева Махфуза Октамқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, деңгейлік бағдарламалар және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық дәрежедегі  тренер, Халықаралық «Сорос-Қазақстан» «Тәй-тәй бағдарламасы» бойынша тренер, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) «Билингвалдық білім беру жүйесінің» өзбек мектептері бойынша тренер – жетекшісі, халықаралық дәрежедегі сертификаттардың иегері.

.

Махфуза Октамқызының білім беру саласындағы  еңбек өтілі 30 жылды құрайды.

Оның ғылыми-әдістемелік мақалалары отандық және шетелдік ғылыми журналдарда  басылымдарда тұрақты жарияланады. Жүйелі түрде ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық және әдістемелік сипаттағы халықаралық және республикалық, облыстық конференцияларға қатысады.

          Әдістемелік сипаттағы ғылыми еңбектер мен әдістемелік құралдардың авторы:

  • 1-4 сыныптарға арналған жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқу-әдістемелік кешен (Савод таълими, Узбек тили, Адабий уқиш оқулықтары);
  • оқу бағдарламалар;
  • Халықаралық деңгейде 2 әдістемелік құрал: «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту(CLIL): тиімділігі  мен ерекшелігі», «Ұлттық мектептерде көптілді және мультилингвалды білім беруді дамыту»;
  • әдістемелік нұсқаулық (Диктанттар жинағы);
  • 25  әдістемелік көмекші құралдар.

Махфуза Октамқызы ұзақ уақыттан бері ЕҚЫҰ-ның билингвалды білім беру бойынша халықаралық жобасына қатысады, оның мақсаты билингвалды білім беру жүйесін енгізу мен дамыту саласындағы басқа елдердің үздік тәжірибесін, сондай-ақ халықаралық зерттеушілердің билингвалды білім берудің сапалы білімге қол жеткізудің тең мүмкіндіктеріне әсер ету тәжірибесін тарату болып табылады.

          Махфуза Октамқызы білім беру саласын дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев,  ҚР Білім және ғылым министрлігі,  ҚР Халық Ассамблеясының  Алғыс хаттарымен, «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі, ОҚО білім департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР «Достық» Ассоциациясы «Қоғам қайраткері», ҚР «Өрлеу»  Білім-ғылым технологиялық порталының «Білім беру ісінің үздігі» төс белгілерінің иегері.

          Мусаева Махфуза қоғамдық қызметке белсене қатысады, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, жауапкершілікті, білікті қызметкер, облыс көлеміндегі пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруда өзіндік тәжірибесімен үлкен бедел мен абыройға ие.

You may also like
Nibh Sem Sit Ullamcorper
Donec luctus imperdiet
Magna pars studiorum
Sedial eiusmod tempor