Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды бала дегеніміз кім?

 “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі дами түседі”         Питер Клайн.                            

   Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

   Дарынды баланың сипаттамасы:  Ойлау қабілеті тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса, тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді .

Кіріспе

   Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатын орны ерекше.

   Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту.

Дарынды балаларды анықтау үшін дарынды балалардың белгілеріне қараймыз:

—  көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімі ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

—  өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

—  білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?

  • Кешенді диагностикалық әдістемелерді күнделікті қолдану;
  • Мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
  • Дарындылықты дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Психо-педагогикалық бағыт- бағдар беру;
  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз

— Баланың отбасы жағдайын зерттеу

­ Шығармашылық қабілетін анықтау

— Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді өткізу

— Ата-анасымен әңгімелесу

— Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру.

Дарынды балалармен жұмысты жүргізу әдістері.

  1. Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  2. Үйге жеке тапсырмалар беру.
  3. Аптасына бір рет қосымша сабаққа шақыру.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.

I саты (бастауыш мектеп) – Мысалы:

— көркемсөздің шеберханасы;

— қуыршақ театры;

— «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);

— салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»);

— «Жас зерттеуші» — «Зерде» т.б.

2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.

3-саты. Жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);

Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі – сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері

  • Нормативті-құқықтық құжаттар;
  • Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
  • Ақпараттық қызмет;
  • Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
  • Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.).

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.

  • Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
  • Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
  • Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
  • Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;
  • Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!

Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

  • Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
  • Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
  • Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
  • Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;
  • Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
  • Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
  • Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;
  • Шығрамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
  • Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;
  • Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
  • Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
  • Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;
  • Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
  • Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;
  • Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;
  • Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.

    Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарға ұсыныс.

  1. Баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.
  2. Әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша  кеңес беру тақырыбын анықтау.
  3. Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.

 Балаға жеткізу керек:

— тақырып атауын.

-тақырыпты игеру жоспарын.

— негізгі сұрақтарды

— ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдерді.

-тәжірибелік жұмыстарды.

— керекті әдебиеттер тізімін

— бақылау формасын.

Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:

— пән

— кеңес берілген күн мен уақыт

— басты қаралған сұрақтар

— бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты

— негізгі жұмсалған уақыт

— бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар

— анықталмаған сұрақтар

— уақытынан кешігу себептері.

Мұғалімдерден кететін қателіктер:

  • Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
  • Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
  • Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жүргізілмейді;
  • Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөлінеді;
  • Дарынды оқу оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады;
  • Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дарынды балаларды анықтау қалай анықтаймыз.
  2. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсетіңіз.
  3. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапаларды атаңыз.
  4. Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлерін атаңыз.

Басқару мен білім беру сапасы кафедрасының аға оқытушылары Бурисова Б.Н., Азбердиева Н.А.