Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңартуда инновациялық технологиялардың пайдалану

   Өзіне-өзі сенімді, тәуелсіз, өзін сыйлайтын тұлға тәрбиелеу М.Монтессоридің алға қойған мақсаты. Монтессори педагогикасының ерекшелігі балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас. Қайталанбайтын өзіндік көзқарасы, алға қойған мақсат — мүддесі бар тұлға ретінде қарау. Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала  табиғатына байланысты құрды.  Баланың өсіп жетілуіне не қажет?  Оның қажеттілігі өзіне қызмет атқаруға деген ұмтылыс екендігінде екені  өзі ашқан мектептерінде дәлелдеп берген.

    Әрбір ата-ана, білім ұйымдары,  балаларға саналы тәрбие сапалы білім бергісі келеді. Осы орайда бұдан 100 жылдан астам пайда болған итальян гуманист педагогы Мария Монтессори педагогикасын ендірудің маңызы зор екендігі  дәлелденуде.

   Педагог-психолог, әрі дәрігер-гуманист Мария Монтессори 1870-1952 жылдары өмір сүрген. Италия елінде ол заманда әйел-дәрігер деген болмағандықтан Мария ем көрсету мекемелерінде жұмыс таба алмай дамуында кемістігі бар балалар ауруханасында жұмыс атқарған. Бүгінгі күні Мария Монтессори өз елінің мақтанышы тіпті,  мемлекеттің  кейбір банкнотында Марияның суреті бейнеленген.

   Өзі ойлап тапқан материалдарды бірінші психикалық дамуында ауытқуы бара балаларға қолданып, ол жерде оның оң көрсеткішінін  көре отырып дені сау балаларға сезім тәрбиесін және баланы өзіне қызмет етуге , тәртіпке тәрбиелеу мақсатында қолданды. Бүгінгі таңда Монтессори материалдары өзінің актуалдығын жоғалтпай келеді. Монтессори педагогикасы неге негізделіп құрылды деп айтатын болсақ , оның негізі әрбір баланың қажеттілігін, оның жекелік қабілеттерін  есептей келе қолдану болып табылады.

   Монтессори жүйесінің ерекшелігі бұл жерде баланы жазалау, ерекшелеп мақтау тәсілдері қолданылмайды. Балалар ішкі бостандық пен өз бетінше қызмет атқару мүмкіндігіне ие болады. Монтессори балабақшасының девизіне тоқталатын болсақ : «Маған өзім атқаруыма көмектес» — яғни  бала үшін үлкен тапсырманы орындамайды. Бала көмек сұраған жағдайда ғана үлкендер көмектесе алады.

Монтессори мектебі (балабақшасы) жұмысы мазмұны

  Монтессори балабақшасында барлық дамыту материалдары балалардың бойына айықталып,  көзінің тұсында орналасады.  Олардың өзінің орналасу реті бар, мысалы балаларды еңбекке үйрету материалдары  бір жерге жинақталса, балалардың қол қимылын дамыту материалдары екінші орталыққа орналасады. Ол жерде байлау, түймелеу, тесіктен өткізу,  ілмектеу  қимылдарына байланысты материалдар жинақталуы тиіс.  Ал Монтессори мектебіндегі (балабақшасындағы)  «бостандық» деген ұғымды қалай түсінуіміз қажет дейтін болсақ, ол жерде парта деген түсінік жоқ, оның орнына баланың жасы мен бойына лайық үстел мен орындықтар, бала қай жерде,  кіммен ойнағысы, немен айналысқысы келетінін өзі таңдайды.

    Монтессори педагогикасы пайда болдуы.Балалардың ойынға деген қажеттілігі. Мария Монтессориге  баланың даму заңдылықтары туралы түсінігі. Баланың өзі-өзі дамытуға ұмтылысы туралы Монтессори пікірі.(адами  жағдай). Монтессори және Э. Сегеннің ғылыми еңбектері. Э.Сегенннің зерттеуі бойынша балалардың көрнекі-бейнелі ойын пайдалана  отырып сөйлемейтін баланың да сенсорлық қабілетін  дамыту теориясы мен практикасы. Балаға жүргізген зерттеулері. Балалардың ойлау қабілетін қол моторикасын дамыту арқылы дамитыны  жағдайы бойынша психология ғылымындағы белгілі психологтар Фрейд, Эльконин өз ғылыми еңбектері.

Монтессори материалдар және дамыту орталықтары

    Мария Монтессоридің бала тәрбиесіне қосқан үлесі  ол  баланы  жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін  түрлі монтессори  материалдар. Монтессори мектебіндегі ережелер: «әр заттың өз орны бар»,  «біз бір-бірімізге кедергі жасамаймыз», «кілемше  төселген жерді  айналып өтеміз»,  деген ережелерді барлық балалар түйсіндіріледі.  Жұмыс барысында тәрбиешімен бірге балалар жай сөйлейді, басқаларға кедергі жасауға болмайды. Оқу құралдары дайындалуы, орналасу реті, пайдалану жолдары.

 Балабақшадағы  негізгі және көмекші дамыту орталары:  «іс-тәжірибе аймағы». (слайд)

«Сенсорлық орта» (слайд) баланың логикалық және абстрактылы ойын, есту, көру, сипап сезу, дәм сезу  қабілеттерін жеткілікті дәрежеде дамуына мүмкіндік береді. (слайд)

Осы жерде тіл дамыту, оқуға үйрену, жазу,  қол майда қимыл қозғалысын дамыту материалдары орналасады. Бала сонда аты аталған іс-әрекетпен айналысады. (слайд)

Космостық аймақта  (слайд) жер шарын бейнелейтін глобус, материктерді бейнелейтін карта, әрбір континенттің түймелер бойынша алынып салынатын  материалдар орналасады.

         Бұдан 100 жылдан астам уақытта М. Монтессори адам өмірге өз тапсырмасымен келеді, егер ғылыми педагогика жеке адамды зерттеуден туатын болса, онда ол зерттеу  тәуелсіз баланы зерттеуден басталуы тиіс»,-  деп айтып кеткен екен.  Сол тәуелсіздік пен бостандықтың нәтижесі төмендегідей :

  • жекелік;
  • өзіне бақылау жасай білу;
  • бір затқа барлық зейіні тұрақтандыра білу;
  • оқу ісінде алға игерілеушілік;
  • тәртіпке бағыну;
  • еркіндік сезімін тәрбиелеуй білу;
  • жауапкершілік:
  • өз бетінше таңдау жасай білу;
  • тәуелсіздік және
  • қуана білу.

  Н.Зайцев технологиясы туралы. Технологияның мақсаты. Кестенің құрылымы.  Кестемен таныстыру.   Зайцев технологиясын пайдалану әдістері. Кесте бойынша санау әдістері.  Тура сануға және кері санауға үйрету жолдары. Ондықтармен, тақ сан бойынша және  жұп сан бойынша санау.  Айналаны бағдарлауға үйрету жұмысын жалғастыру.  Санның құрамы туралы түсінік беру.  Жеке баламен жұмыс. Топтық жұмысты ұйымдастыру.

Сабақтан тыс уақытта жұмысты ұйымдастыру

Есептеуге үйрету әдіс-тәсілдері.  Педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыруда жаңашыл технологиялардың алатын орны. Мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту,  дамыту тапсырмалары мазмұны.«Біз мектепке барамыз» бағдарламасындағы «Сауат ашу» бөлімі тапсырмалары. Балалардың сауатын дәстүрлі әдіс-тәсілдермен ашу  әдіс-тәсілдері.

   Ә. Жүнісбеков әдісі мазмұны.  Жүнісбеков әдісінде қолданатын материалдар туралы.  Кестенің құрылымы, текшелердің  түрлері. Текшелермен таныстыру, кесте туралы мағлумат.   Құрақтардың түрлілігі туралы түсінік. Әріп құрақтар мен және буын құрақтармен таныстыру жолдары.  Дыбыстар мен таныстыру.  Дыбыстарды кесте бойынша ажыратып, талдау.

   Кесте бойынша оқуға дайындық жұмысы. Кестемен оқу. Текшелерді сұрыптау, текшелермен баланы оқуға үйрету әдістері. Бірнеше дыбыстан құралатын  әріптермен  таныстыру.  Текшені  оқу тәртібі туралы . Сауат ашу сабағын тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарымен байланыстыру. Жуан және жіңішке сөздер жазу. Сингармонизм ережесіне бағынбайтын сөздермен таныстыру.  Жазылуы мен оқылуында айырмашылығы бар  сөздер туралы түсінік беру.

«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Абдирахманова И.С.