Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ: ТӘЖІРИБЕ, ПРОБЛЕМАЛАР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР

2021 жылғы 25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел жоспарына сәйкес білім беру жүйесінде цифрлық оқыту құралдары мен робототехниканы пайдалану, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибені бөлісу мақсатында «Жалпы және кәсіптік білім беруде цифрлық оқыту құралдары мен робототехниканы пайдалану: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» тақырыбында халықаралық онлайн семинары өтті.

Міндеттері:

  1. Цифрлық оқыту және робототехника саласында зерттеулер жүргізуге, техникалық ақпараттармен және бастапқы инженерлік біліммен алмасу үшін мұғалімдердің назарын аудару.
  2. Жаңа педагогикалық тәсілдер мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары сапалы білім алу үшін, қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік беретін жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамыту.
  3. Қазіргі заманғы робототехника саласындағы отандық идеялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жалпы саны 257 ден астам білім беру мекемелерінің қызметкерлері семинарда ұсынылған қажетті материалдарды  алуға мүмкіндік алды.

Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы, PhD-доктор Мухаметжанова А.З. ашып, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Өрлеу орталығында робототехника бағыты бойынша еліміздегі білім беру мекемелері педагогтерін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп, курс нәтижесі бойынша әдістемелік қолдау жасалып жатқаны жайлы баяндамасымен бастады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Л.Т. робототехника бойынша мектеп мұғалімдеріне жүргізілген біліктілікті арттыру курстары мен ұйымдастырылған іс-шараларға шолу жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шарада білім беру робототехникасындағы өзекті мәселелері қозғалды: білім беру мекемелеренің материалдық-техникалық базасының жасақталуы, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, STEM-технологияның дамуы, педагогтердің оқушыларды олимпиада, жарыстарға дайындау жұмыстары жайлы сөз етілді. Англия елінің информатика мұғалімі М.Чоудхари өз баяндамасында STEM және робототехника бойынша оқушылардың сыныптан тыс жұмысы және пайдасы жайлы құнды тәжірибесімен бөлісті. «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жекеева А.А. «Мектеп жобалары Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту экожүйесінің бөлігі ретінде» баяндамасында маңызды ақпаратпен таныстырды. Сонымен қатар, Иран Республикасынан — Шамсолла Ганбари – «Адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі», Пәкістан мемлекетінен М.Исмаил, Кения Республикасынан Роберто Опондо – «Педагогикаға технологияны енгізу» тақырыптарында құнды баяндамаларын ұсынып, Ресей Федерациясынан Жукова У.Е., Усова Н., Ненашев А.Е. және еліміздің жоғарғы оқу орындарынан техника ғылымдарының докторы, профессор Үмбетов Ө.Ү., п.ғ.к., доцент Ибашова А.Б., жалпы орта мектеп мұғалімі Ауезов Е.Б., STEM Solutions компаниясының  инженер-әзірлеушісі Рустемов Е.Р. робототехника бойынша әдістемелік және практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар мақсатына сәйкес жасалған баяндамалар мен ұсынылған құнды ақпараттар цифрлық технологиялар және робототехника бағытында жұмыс жасап жүрген қатысушылардың үлкен қолдауына ие болып, кәсіби дағдысын дамытуға үлкен серпіліс берді. Қатысушылар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыру, білім беру робототехникасын дамытудағы озық тәжірибені зерделеу, робототехниканы, информатика және бастауыш мектепте цифрлық сауаттылық сабақтарында оқыту әдістемесін зерттеу, робототехникалық жүйелермен танысу, пандемия жағдайында робототехниканы онлайн режимінде оқыту тәжірибесін зерттеу, онлайн-олимпиадалар мен жарыстарды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын берді.

Семинар қорытындысы бойынша тікелей баяндамасымен қатысқан қатысушыларға институт тарапынан «Алғыс хат» пен сертификаттар табысталып, іс-шара барысында ұсынылған мақалалар электронды материалдар жинағы ретінде институт сайтына орналастырылады.

 

             «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары

Батькаева Г., Садыкова Г.