Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ШЕБЕР СЫНЫП

2021 жылдың қараша айының 22 жұлдызында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бал-Айбике» бөбекжай-бақшасының базасында кафедра аға оқытушылары Н.Егенова, А.Адилаева  «Кюизенер таяқшалары арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде математикалық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын қарастыру.

Шебер сынып барысында тәрбиешілер Кюизенер таяқшалары арқылы пішіндерді жасау,  түстерді ажырату, есептерді шығару жолдары бойынша жаттығуларды меңгеріп өз тәжірибелерінде қолданудың тиімділігін атап өтті.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының 

аға оқытушылары Н.Егенова, А.Адилаева