Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ДИРЕКТОРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ  ЖӨНІНДЕГІ  ОРЫНБАСАРЫ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ (1 бос бірлік)

 

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi немесе тиiстi бейiн бойынша өзге де кәсiптiк бiлiмi немесе қайта даярлау курстарын аяқтағаны туралы құжат,  ғылыми немесе академиялық дәрежесi, кемiнде он жыл педагогикалық өтiлi.

Білуге ​​тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы«, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы«, «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың нысандары мен әдістерін; еңбек мотивациясының негіздері және персоналды бағалау жүйесі; білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, менеджмент негіздері, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (Өтініш үлгісі);
  • түсті фотосуреттегі түйіндеме (Түйіндеме үлгісі);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ықтиярхат);
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері).

Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (075);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2021 жыл  10 желтоқсан

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар  2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201,  20 каб. немесе: 
uko@orleu-edu.kz эл.поштасы

Анықтама үшін телефон: +7 /7252/ 325135 кадр бөлімі.

 Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.