Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2021 жылғы 15 қарашада ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында Ұлағатты ұстаз, «Сыр қойнауы» бағдарламасының авторы, Халықаралық тренер, п.ғ.м., аға оқытушы Мария Айтбайқызы Орманованың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық «Филологиялық білімді модернизациялау: жаңартылған білім беру мазмұны аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференцияға «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ж.Кужимова қатысып, әріптесімізді «Өрлеу» БАҰО »АҚ Ф Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Л.Искакова және ұжымның атынан мерейлі мерекесімен және ұстаздық жолында жеткен жетістіктерін «Алғыс хатпен» құттықтады.
Сонымен қатар Ж.Кужимова «Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн» баяндамасымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы білім беру оқу орындарымен институттың атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды.