Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

САТТАР ЕРУБАЕВ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫ

25.10.2021 жылы Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Ерубаевтың шығармаларын 7-11 сынып оқушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында  қалалық «Саттар Ерубаев оқулары» байқауы өтті. Іс-шарада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.Кудайбергенова қазылар алқасына төрағалық етті.

С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің базасында өткен байқау екі бағыт бойынша жүргізілді:

  1. «Қазақтың Саттары — Алаштың мақтаны» айдарында оқушы Саттардың бір поэзиялық немесе прозалық шығармасын ой кестесіне сай көркемдеп оқу, жүріс-тұрыс мәдениеті бойынша сайысқа түсті.
  2. «Саттар мұрасын кім көп біледі?» айдарында оқушы ақын өмірі мен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Байқау  жоғары деңгейде өтті,  үздік қатысушылардың жетістіктері бағаланып, марапаттарға иеленді.