Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨЗБЕК ТІЛІНДЕГІ СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2021 жылдың 20 қазанында «Өрлеу» АҚФ  Алматы қалалық ПҚБА институтының   өзбек тілінде секция жұмысын ұйымдастыру және өткізуге атсалысу  туралы хаты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының  аға оқытушысы М.Мусаеваның басшылығымен  секция жұмысы ұйымдастырылды.

Секция жұмысының негізгі мақсаты: ұлттық мектептерде көптілді білім берудің жағдайы және пилоттық мектептер моделімен таныстыру, тәжірибе алмасу.

Секция бағдарламасына сай баяндамашылар Өзбекстан Республикасы ХБҚҚД және БА  Аймақтық орталығының «Бастауыш білім беру» кафедра  меңгерушісі, п.ғ.д. Г.Маматова,  Жамбыл облысы өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Абдувахапова, Түркістан облысы әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Алиакбарова,  Кентау  қаласы М.Қашғари атындағы мектеп-лицей директордың орынбасары М.Маменов және Н.Маккамбаева, Шымкент қаласының,  Сареми атындағы мектеп-лицей директорының орынбасары  билингвалді және көптілді білім берудегі мектеп моделі, диагностика жүргізудегі нәтижелерімен бөлісті.

Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан барлығы 100 жұық көптілді білім беру бойынша пилоттық, ттірек мектептерінен және  жалпы орта білім беру мектептерінің педагогтері қатысты.

Секция жұмысы соңында қатысушылар жоғары баға беріп, практика жүзінде пайдалануға болатындай ақпарат алғандығы және ұлттық мектептерде көптілділікті дамыту мақсатында республика, облыс көлемінде бірлесе отырып жұмыс жасау және тәжірибе алмасу туралы ұсыныс білдірді.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының  аға оқытушысы

М.Мусаева