Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән мұғалімдерінің білім беру жүйесінде критериалды бағалауды қолдану тұрғысынан кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторлар әзірлеуде педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, жаңартылған білім беру мазмұнының тұжырымды тәсілдері негізінде сабақты жоспарлау мақсатында Шымкент білім басқармасына қарасты №135жалпы білім беретін мектебі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарының дәріскері «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған бағдарлама бойынша тренер Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы

Семинар барысында оқу үдерісі барысында кездесіп жатқан кедергілер, орайын келтіре алмай жатқан сәттер және көкейде тұрған түйткіл сұрақтарға жауап алынып, заманауи сабақ шеберліктері бойынша жұмыстар жасалды. Семинар соңында ұстаздар өз алғыстарын білдірді.

 

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

МюЕгембергенова