Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТАР

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері үшін педагогикалық практикадан өтуге дайындық шеңберінде біліктілікті арттыру курсы өткізілуде!

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысы және Шымкент қ. филиал тренерлері М.Құдайбергенова, Р. Жұманова, Г. Есентуреева, Ж. Райымқұлова және Ж. Нұрлыбаева студенттерге практикаға бағытталған қосымша білім беріп, терең теориялық және іргелі білім беруде. Студенттер қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеумен айналысады және оқу үдерісіндегі негізгі тәсілдерін үйренеді.

Болашақта курстарда оқитын студенттерге алған дағдыларын педагогикалық қызметте жұмыс істеу үшін пайдалануға тілектеспіз.