Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ТІРЕК МЕКТЕППЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

2021 жылдың 18 қазанында Шымкент қаласы М.Жұмабаев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін тірек мектептің қазақ тілі мен әдебиеті апталығын, Ы.Алтынсариннің 180 жыл мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы» атты әдеби кешпен қорытындылауына «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедра оқытушылары қатысты.
Әдеби кеште Ұлы педагогтың өмірбаяны мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Бейнебаяндар ұсынылды. Оқушылар педагогтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әңгімелерінен көріністер көрсетті.


Әдеби кеш қорытындысында мектеп әкімшілігі институт қызметкері, аға оқытушы Жаңагүл Кужимова қазақ тілі мен әдебиеті апталық іс-шараларына белсене қатысқаны және мұғалімдердің шығармашылығының шындалуына үлес қосқан кәсіби шеберлігі үшін ырзашылықтарын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Әдеби кеш өте қызықты да әсерлі өтті.

 

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Ж.Кужимова