Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ҮЗДІК МҰҒАЛІМ – ЖАС ҰРПАҚТАРҒА ҮЛГІ

Усенов Кайрат Сугирбаевич Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ол 1971 жылы 20-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1993 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін «Тарих-педагогика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1995-1997 жылдар аралығында аталған мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

1997 — 1998 жылдары №86 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

1998 — 2018 жылдары №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры және директор орынбасары қызметтерін атқарған. Жалпы педагогикалық еңбек стажы – 27 жыл.

Біліктілік санаты жоғары және педагог-зерттеуші мұғалім, екінші біліктілік санатты басшының орынбасары, білімді және тәжірибесі мол маман ретінде мектеп мұғалімдерінің арасында жоғары беделге ие. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады және мектептегі «Нұр Отан» партиясының төрағасы. Тарихшы маман ретінде 2000 жылдан бері мектептегі тарихи-археологиялық мұражайдың жетекшісі. Сонымен қатар ол – Жүзімдік ауылдық округі әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңестің беделді мүшесі. Аудан мен ауыл көлеміндегі және мектептегі мәдени-көпшілік іс-шараларда өзінің ұйымдастырушылық және іскерлік қырымен көрініп жүрген белсенді, саяси сауатты азамат.

Қайрат  Сугирбаевич жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып жүрген жаңашыл, ізденімпаз мұғалім. Ол ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мінезі салмақты, көпшілікпен сыйласып жұмыс істей алады. Оның шәкірттері мектепішілік, аудандық пәндік және спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Оның еңбектері жоғары бағаланып бірнеше рет мектеп директорының, аудан және ауыл әкімдерінің, аудандық мәслихат пен адами әлеуетті дамыту бөлімінің, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Кайрат Сугирбаевич өзінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде меңгерген басшының орынбасары. Ол мектепте инновациялық технологияларды жақсы меңгерген тәжірибелі, шығармашыл, өз әрекетін нәтижеге бағыттайтын тәжірибелі маман. Ол өзінің біліктілігімен  мұғалімдерге деркезінде кәсіби жетекшілік жасай отырып, оларға үнемі әдістемелік көмек көрсетеді. Оның мол тәжірибесі мен іскерлігінің арқасында мектеп оқушылары түрлі республикалық, облыстық және аудандық сайыстар мен байқаулардың жеңімпазы болған.

Қайрат  Сугирбаевичтың жеке өзінің кәсіби жетістіктері де жеткілікті. Оның еңбектері аудан және облыс көлемінде жоғары бағаланып 2002, 2004, 2007 жылдары Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен», 2007 жылы Сарыағаш аудандық мәслихатының, 2018 жылы Келес аудандық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Оның 2011-жылғы «Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында өткен облыстық тамыз кеңесінің секция жұмысындағы «Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тарихи-археологиялық мұражайдың ролі» атты еңбегі мен 2015 жылғы облыстық тамыз педагогикалық кеңесіндегі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – заманауи қазақстандық қоғамның басты бағыты» атты баяндамасы мамандар тарапынан жоғары бағаланып, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» марапатталуы, білікті де білімді маманның еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Сонымен қатар ол 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген «Даңқ бұрышы» облыстық байқауында «Үздік ізденушілік – зерттеушілік жұмыс» номинациясы бойынша ІІ-орынды иеленіп облыстық білім басқармасының дипломымен және «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29-қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

Қайрат  Сугирбаевич 2020 жылы Келес аудандық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен», ал 2021 жылы қоғамдық-саяси жұмыстардағы еңбегі жоғары бағаланып «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Оның еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қажырлы еңбегі ескеріліп 2018 жылы Түркістан облыстық мәслихатының «Грамотасымен» және 2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мектебімізде 2011-жылы желтоқсан айында  өткізілген облыстық семинардағы Қайрат  Сугирбаевичтың  «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы» атты еңбегі инновациялық жоба ретінде облыс көлемінде таратылды. Ал 2020 жылы «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында өткен аудандық тамыз педагогикалық оқуларына белсене қатысып, оның ұсынған тәрбие жұмысының моделі аудан көлемінде озат тәжірибе ретінде ұсынылды.

 

Түркістан облысы бойынша Өкілдік бөлімінің бас маманы Э. Менбаева