Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АШЫҚ САБАҚ

14.10.2021 жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсында тыңдаушылармен «Тестілеуге және шағын-сабақты таныстыруға дайындық (жобаны қорғау)» тақырып бойынша ашық сабақ өткізілді.


Мақсаты:
— тесттерді тиімді тапсыру үшін білгендерін түсінудің маңыздылығын түсінуге ықпал ету;
— оқыту үдерісінің үздіксіздігін түсінуге жеткізу: жоспарлау, рефлексия және қызметті бағалау.
Тыңдаушылар топқа бөлініп, әр топ өз тақырыбы бойынша жобаны қорғап, бір-бірін бағалады. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедраның мүшелері қатысып, өз пікірлерін айта кетті.


Ашық сабақ соңында И.С. Абдирахманова және Н.Нұржігітоваға өздерінің алғыстарын білдіріп, сабақ қызықты әрі пайдалы екендігі туралы алғысын білдірді.

 

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары

И.С.Абдирахманова, Н.Нұржігітова