Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ТІРЕК МЕКТЕППЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

2021 жылдың 13 қазанында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы және Шымкент қаласы М.Жұмабаев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін тірек мектеппен бірлескен жоспар аясында «Қанекей тілім сөйлеші» тақырыбында  ұйымдастырылған  қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Кафедраның аға оқытушысы Ж.Кужимова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғағалімдеріне «Оқылым дағдысын жетілдіру»  тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілі мен қазақ  әдебиеті  пәндерін оқытуды дамыту және мұғалімдердің пәнді оқытуда кәсіби шеберліктерін арттыру.

Казақ тілінің шешендік өнеріне 9-сынып оқушылары өзара апталық сайысқа қатысты. Ән салды, өлеңдер оқыды, күй тартып өз шеберліктерін көрсетті. Семинар-тренингкте мұғалімдер өз пікірлерін ортаға сала отырып, аса қызығушылықпен белсене қатысып, оқылым дағдысын жетілдірудегі «графикалық диаграммалермен» жаттығулар жасады.

Іс-шара мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін арттырудағы өте құнды болды. Бірлескен шығармашылық жұмыстар әрі қарай да жалғасын таба бермек.

 

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Ж.Кужимова