Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«АЛИФБЕ» ЖӘНЕ «ОНА ТИЛИ» ОҚУЛЫҚТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы М.Мусаева бірнеше оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің авторы атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25  тамыздағы № 428 бұйрығына сәйкес «Өзбек тілі» мектептерінің 1 сыныбына арналған «Алифбе», «Хуснихат дафтарлари» (1-2) және «Алифбе» ўқув фанини ўқитиш методикаси”(өзбек тілінде) оқу-әдістемелік кешенін және «Она тили» оқулықтары  жарық көрді.

«Алифбе» оқу пәні 1-сынып оқушыларының  алғашқы тілдік білім негіздерімен  қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін  меңгертетін  және  олардың  ақыл-ойын дамытатын негізгі пән. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескерілді. ОӘК балалардың танымдық, қатынас, эстетикалық және физикалық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған кестелер, сюжетті суреттер мен ойындар жоспарланған. Сонымен қатар оқулықтағы материалдардың мазмұны мен тапсырмаларының мағынасы бойынша өнер, математика, дүниетану, дене шынықтыру пәндерімен тығыз байланысы қамтасыз етілген.

Махфуза Октамқызы, Сізге еңбекте шығармашылық табыстарға,  мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектеспіз!