Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

«АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» байқауының 2021 жылғы қазан айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына «Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет» бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Керимбеков Мұхтар Әпенұлы лайық деп танылды.

1987 жылы Алматы қаласында О.А.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебін тәмамдаған Мұхтар Әпенұлы 1988-1993 жылдар аралығында Халықаралық қазақ- түрік университетінің М.Әуезов атындағы педагогикалық институтына түсіп, математика мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Төлеби ауданы Георгиевка орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып бастады. 1994- 1998 жылдары Шымкент экономика және құқық колледжінде оқытушы, 1998- 2001 жылдары М.Х.Дулати атында №8 мектеп-гимназиясында мұғалім, 2001- 2005 жылдары Гуманитарлық экономикалық колледжінде оқытушы, директордық оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 2005- 2012 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде бөлім басшысы, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

07.11.2012 жылдан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтында «Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет» бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.

Мұхтар Әпенұлы қай салада болмасын кәсібіне адал, ісіне тыңғылықты жан! Сізге біліктілікті арттыру саласындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуыңызды тілейміз!