Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

2021 жылдың 7 қазанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысы және Шымкент қ. филиалы және Шымкент қ. Білім басқармасының Әдістемелік орталығымен бірлескен жоспар аясында мектеп оқушыларының Әл–Фараби аудандық ашық дебат турнирі ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен әлеуметтік — рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету.
Іс-шараға Шымкент қ. № 1, №6, №7, №8, №9 №11, №13, №14,№15 №17, №18, №19, №20, №22, №35, №45, №47, №62, №64, №75, №76, №77, №84, №121, №129 және №1«Білім-инновация» ер балаларға арналған лицей-интернаты, Дарынды балаларға арналған №1 ІТ Дарын мектеп-интернаты, «Болашақ», «Техникалық лицей», «Камила», «Leader Innovation School», «Global Education mektebi», «Достық», «Низамхан», «Зияткер» мектептерінің 8-11 сынып оқушыларынан құралған командалар (әр фракцияда 2 пікір-сайысшы қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде) қатысты.
Дебат турнирі қатысушылары үшін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысы және Шымкент қ. филиалының тренерлері көшбасшылық бағдарламары бойынша тренингтер өткізді.