Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

Айдың үздік қызметкерін құттықтаймыз!
Біліктілікті арттыру жүйесінде Нарметова Дильдар Халметовнаның еңбек өтілі — 21 жыл. Білімі — «физика және информатика мұғалімі».
Біліктілікті арттыру институтында өз қызметін бағдарламашы ретінде бастады, содан кейін көптеген лауазымдарды ауыстырды: әдіскер, аға оқытушы, деңгейлік курстардың тренері, орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курстарынының тренері. Соңғы 5 жыл — IT бөлімінің қызметкері.
IT-маманы ретінде Дильдардың портфолиосында «Өрлеу» Білім порталының youtube каналына жариялануға дайындалған мектеп бағдарламасының пәндері бойынша мұғалімдерге арналған 100-ден астам цифрлық білім беру ресурстары, филиалдың әлеуметтік желілері үшін дайындалған жүздеген бейне және презентациялық материалдар. «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық эстафетасына материалдарды дайындау кезінде 50-ден астам мұғалімдерге тиімді кеңес көрсете білді. Біліктілікті арттыру курстарының контентін дайындауда, қашықтықтан оқыту кезеңінде онлайн-семинарларды, конференциялар мен басқа да іс-шараларды өткізуде жан-жақты ақпараттық -техникалық қолдау көрсетті.
Командада жұмыс істеуді жақсы көреді және біледі, өз ұжымында сыйлы адам. Жұмысына сәттілік тілейміз!