Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Айдың үздік қызметкері

Шілде  айының қорытындысы бойынша «Айдың үздік қызметкері» атанған  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ   « Білім беру процесін психологиялық -педагогикалық қолдау» кафедрасы қашықтықтан оқыту және курстан кейінгі қолдау зертханасының ІТ маманы  Усенова Жанна Қозыкөрпешқызын  құттықтаймыз.

Жанна Қозыкөрпешқызы біліктілікті арттыру жүйесінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзінің еңбек жолында ол «Информатика» пәнінің әдіскері, әдістемелік, баспа, оқу бөлімдері мен ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші және бас маманы сияқты қызметтерді атқарды.

Осы жылдар ішінде  өзінің білімімен, біліктілігімен,  жан -жақты маман ретінде көрсете білді.

Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қалалық және облыстық білім басқармаларының грамоталары мен алғыс хаттарымен (2012-2018 жж.), Облыстық кәсіподақтың грамотасымен (2019 ж.), «Өрлеу» БАҰО »АҚ Басқармасының алғысымен (2019-2020 жж.) марапатталды.

Ж.Усенова «Өрлеу» білім беру арнасы үшін виртуалды білім беру саласындағы еліміздің үздік мұғалімдерінің эстафетасына қатысқан мұғалімдермен 100 -ге жуық бейне сабақтар дайындады, сонымен қатар  бүгінгі таңда 2021ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқауы бойынша  «Өрлеу» БАҰО  ұйымдастырған «Цифрлық құзыреттілікті дамыту» біліктілікті арттыру курсында облыс және қала педагогтеріне  техникалық қолдау көрсетіп келеді.