Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мұғалім — зор тұлға

Бектаева Пернеш Сүлешқызы 27.10.67 ж. Түлкібас ауданы Машат елді мекенінде дүниеге келді. 1986-1991 жж. аралығында ШПИ-ді бітіріп, бастауыш сынып мұғалім мамандығын алып шықты. Еңбек жолыңда  Төлеби ауданы Ленгер қаласында қызмет атқарды. Екінші жоғарғы мамандығы:  ҚХДУ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (2008-2010 жж.).

Педагогикалық өтілі — 30 жыл. Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы №39 «Інжу-Маржан» балабақшасында орыс топтарына қазақ тілі пәнінен дәріс береді.

«Мұғалім — зор тұлға, ол күннің құдіретті сәуле сияқты» К.Д.Ушинский айтқандай, күннің шуағындай жылуымызды шашып, балаларға тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде «ҰОҚ» оқытудың жаңа технологиялары: Сыни тұрғысынан ойлау мен жазу, топтық жұмыс, ойын арқылы диалог оқыту технологиясы, Мнемокесте, Зайцев пен Жүнісбековтың әуенді кесте технологиясы, тәй-тәй бағдарламасы т.б әдістерді қолданады.

 

Кәсіби қызметтегі жетістіктері:

  1. 1. 2016 ж. Ақтөбе қаласында Халықаралық Педагогика және Иновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдартырумен І Республикалық мұғалімдер және тәрбиешілер арасындағы «10 үздік ашық сабақ-2016» ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
  2. 2. 2017 ж. Шымкент қалалық білім басшысы Ж.А.Тажиевадан «Алғыс хат».
  3. 3. 2019 ж. Шымкент қалалық білім басшысы А.Аблайханнан «Алғыс хат».
  4. 4. 2019 ж. Республикалық «Шабыт»білім беру орталығынан «Менің қымбатты Астанам!» республикалық қашықтық байқауында «Көркем сөз оқу байқауы» номинациясының жүлдегері Биболат Айым І-орын Дипломмен марапатталды. Жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін Бектаева Пернеш Сүлешқызы марапатталды.
  5. 5. 2019 ж. Республикалық «Bilim-Orkenieti» Ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы.Нұр-сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында республикалық білім беру ұйымдары педагогтарының арасынан өткен «Жылдың 100 үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» атты республикалық байқауының жеңімпазы: Бектаева Пернеш Сүлешқызы І дәрежелі Дипломымен марапатталды. «Жылдың 100 үздік қазақ тілі мұғалімі» төс белгімен марапатталды.
  6. 6. 2020 ж. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты Республикалық қашықтықтан өткізілген байқауында «Көркемсөз оқу байқауы» номинациясының жүлдегері Тоқсейт Ақтөре, ІІ орын Дипломымен және жүлделі орын алған білім алушыны дайындағаны үшін Бектаева Пернеш Сүлешқызы марапатталды.
  7. 7. Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығынан «Үздік Педагог- 2020» І орын Дипломымен марапатталды.
  8. 8. 2020 ж. «Астана жобалары» Халықаралық және Республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығынан «ULY ABAI JOLYMEN» I дәрежелі Дипломмен марапатылып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы Абай жолымен » куәлігі мен медалін алды.
  9. 9. Қазақстан Педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Үздік ұстаз-2020» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін марапатталып, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғаны үшін куәлік №1021 берілді.
  10. 10. 2021ж. Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығынан «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы

Н.Егенова