Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Қалымбет Мереке Исламбекқызын шілде айының қорытындысы бойынша «Айдың үздік қызметкері» болуымен құттықтаймыз!
Қалымбет Мереке Исламбекқызы 2005 жылдан бастап инситуттың аға оқытушы қызметін атқаруда. Мереке Исламбекқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» және «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыптары бойынша сертификатталған тренер.
Қалымбет Мереке Исламбекқызы облыс көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді. Атап айтсақ: «1-4-сыныптарға арналған дүниетану пәніне арналған тест жинағы», «Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалар жинағы», «Бастауыш сыныптағы сабақтардың үлгі жоспарлар жинағы», «Оқу үдерісінде триз технологиясының маңызы», «Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері арқылы оқытудың тиімділігі», «Бастауыш сынып оқушыларының логикасын дамыту» әдістемелік нұсқаулықтары және «Логикалық есептер арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» 2 сыныпқа арналған авторлық бағдарламасы.
Мереке Исламбекқызының жетістіктері тек педагогтермен жұмыс жасап қоймай, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын республикалық математикалық олимпиадаға да дайындаған. Нәтижесінде ҚР Білім ғылым министрлігі “Дарын“ Республикалық ғылыми – практикалық орталығының “Мактау қағазы“ (2009), “Бастау” ІІ Республикалық математика турнирінде топқа жетекшілік жасап республикадан ІІ орынды иемденіп «Алтын алқа» (2010) берілген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2011) Облыстық білім басқармасының бастығы «Мактау қағазы» (2011), ББЖЖТ, ПКБА және ҚД орталығының Алғыс хаттары (2012), «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының «Құрмет грамотасы» (2014), «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ директорынан «Алғыс хаты» (2015), Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы» (2015), ОҚО Білім басқармасының басшысы «Құрмет грамотасы» (2017), «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби ауданы ФТБ орынбасары «Алғыс ахты» (2018), Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы» (2019), «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ директорынан «Алғыс хаты» (2020), «Бастау» 2-4 сынып оқушыларына арналған ХІV республикалық математикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңінде ерекше еңбегі үшін «Алғыс хаты» (2021), Шымкент қаласының «Дарын орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына әділ баға бергені үшін «Алғыс хаты» (2021) марапатталған. Сонымен қатар халықаралық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға өз баяндамаларын ұсынып Алғыс хатпен марапатталып отырған.
Қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан өту барысында институттың жедел жұмыс жоспарына сәйкес және педагогтердің сұранысы бойынша республикалық, облыстық көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимінде әдістемелік көмек, семинар, вебинар, дөңгелек үстел ұйымдастырған.