Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАҒАН ФОРУМ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2021 жылғы оқу жоспарына сәйкес маусым  айының 29-күні тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Дүние жүзі тарихы» сабақтарында белсенді әдістерді қолдану» тақырыбында онлайн-форум өткізілді.

Форумның мақсаты: мұғалімге жас ұрпақтың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуда тарихи санасын қалыптастырудың тиімді жолдарын үйрету.

Міндеті:

  • сабақ үдерісінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруда қолданатын белсенді әдіс-тәсілдердің әдіснамалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Курс жетекшісі Байназарова Бағлан Әшімбекқызы жаңа форматта білім беру жүйесі оқытудың териялық және практикалық негіздерін біліп түсінуді  талап ететінін айтып, оқушылардың тарихи білімге қызығушылығын тудырып, тарихи құбылыстар мен оқиғалаға сыни тұрғыдан баға беру дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін айтып, пікір алмасуға шақырды. Форумға қатысушылар кері байланыс барысында тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыруда  «Дүние жүзі тарихы» пәнінің ерекшелігін атап өтті.

Топ басшылары Абулкасымова Гүлмира, Абдырахманова Ләзипа және Садырбаева Назира курс барысында тыңдаушылар төрт модуль бойынша білімдерін жетілдіріп қана қоймай, оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары ретінде жоспарланатын белсенді әдіс тәсілдердің маңызына тоқталды.  Серікбаева Гүлдана: «Рухани жаңғыруды қалай түсінеміз?», Қалтаев Серік «Егер мен болашақта ғалым болсам..(Рөлдік ойын)», Айдаркулова Кульзина дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі ерекшеліктерін, Есбаева Күлхатша оқушылардың жыл сайын Гумилев атындағы университетте өткізілетін олимпиадаларға қатысатынын, Рахымжан Қарлығаш «Ақыл-ой картасы идеялары» әдісінің артықшылығын,  Қожабекова Ғалия мәліметтер мен ақпараттарды салыстыру арқылы жаңа білімді алудың тиімді әдістерімен бөлісіп, Гүлшырын Алтынбекова «ПОПС стратегиясын» жоғары деңгейлі ойлау тапсырмаларын құрастыруда қолданатынын,  Бекжан Зәуре оқу мақсаттарын жүзеге асыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін атап өтті.

Жалпы, ZOOM форматында оқыту сабақтары өзіндік ерекшеліктерімен бірге мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерінің шыңдалуына көмегі тиетіні форум барысында айтылды.

 

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Б.А.Байназарова