Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндетті

2021 жылдың 28 маусымында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндетті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Түркістан облысының білім беру қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында еліміздегі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселері талқыланып, пікірталас жүргізілді.

Кафедра аға оқытушылары Г.Батькаева, Г.Садыкова қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық екені және осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні жайлы таныстырылым ұсынып, сұрақ-жауап жұргізді. Қазығұрт ауданы, К.Әзiрбаев атындағы жом мұғалімі К.Жузбаев, Келес ауданы №43 Болашақ жом мұғалімі Н.Жусипбаев, Ордабасы ауданы Абай атындағы жом мұғалімі Ү.Құрбан ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында ұсынған негізгі 4 құндылық бойынша, атап айтқанда адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім бойынша еліміздің тарихи тұлғаларының ұлы сөздерін мысал ретінде келтіріп, тұжырым жасады.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойын ортаға сала келе, жемқорлыққа қарсы күресте әр азамат ел үшін адал қызмет еткенде ғана жемісті жеңіске жетеміз деп қорытынды жасады.

 

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары

Г.Батькаева, Г.Садыкова