Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім

Жорабекова Лайла Боранбайқызы  Түркістан облысы Сайрам ауданы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі. Мұғалімдік әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше қасиетке ие, қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық. Олай болса Ләйлә Боранбайқызы  өзінің мамандығын сүйетін, ізденімпаз, шығармашыл мұғалім екендігін жұмыс барысында көрсетіп жүр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,  жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор. Өзі еңбек еткен жылдары көптеген марапаттауларға ие болды.

Атап айтсақ:

  • «Ең білімді ұстаз» облыстық III пән олимпиадасында Бас жүлде алғаны үшін МЕДАЛЬ және ДИПЛОМ-мен марапатталды 2019ж.
  • Халықаралық химия пәнінен Ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасында 1- дәрежелі дипломмен марапатталды 2020ж.
  • Республикалық химия пәнінен 8-сыныптар арасында өткізілген олимпиадада оқушысы Тулеген Тұрсынай 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 1-Республикалық Дарын-онлайн білім беру платформа ұйымдастырған «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының  жүлдегері атанды 2020ж
  • Облыстық мұғалімдер арасындағы олимпиадада 1-орын алғаны үшін марапатталды 2018ж
  • Аудандық «Үздік педагог» мұғалімдер арасындағы олимпиадасында 1 орын алғына үшін марапатталды 2018ж
  • BILGEN зияткерлік білім сайысына мектеп оқушыларын дайындауда жоғары жетістіктерге жеткені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды 2018ж
  • 2020-2021 оқу жылында облыстық химия пәні бойынша мұғалімдер арасындағы өткізілген онлайн олимпиадаға қатысып, бас жүлдені иемденді.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы

Э.Тугелбаева