Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Дүниетану пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту және зерттеушілік дағдыны қалыптастырудағы педагогикалық тәсілдер

Жазғы мектептегі мұғалімдердің күрделі тақырыптарды оқыту барысындағы сабақтарына әдістемелік қолдау  мен көмек көрсету негізінде ағымдағы жылдың 17-маусымында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Керімбекова Раушан Әпенқызы «Дүниетану пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту және зерттеушілік дағдыны қалыптастырудағы педагогикалық тәсілдер» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырды.

Вебинардың мақсаты: күрделі тапсырмаларды қарастыру. Зерттеу дағдысын дамытатын белсенді оқу мен оқыту тәсілдерін жетілдіру.
Ғылыми түсінік пен көзқарасты дамыту тәжірибесімен бөлісу.

Вебинар барысында  Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Жахан Жансұлу, Ебергенова Алмагүл. Сонымен қатар  Жетісай ауданы, Асық-ата кенті  Н.Төреқұлов атындағы  №13 жалпы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Сусар дүнетану пәніндегі зерттеуге бағытталған бірнеше оқу мақсаттарына жетудегі өз тәжірибелеріндегі педагогикалық белсенді оқу тәсілдерімен бөлісіп таныстырды.

Вебинар барысында зерттеу және жобалық оқыту тәсілдерімен  таныстырылды. Мұғалімдер зерттеуге бағытталған оқу мақсаттарын анықтап, мақсатқа жету жолдарын қарастырды. Вебинар қорытындысында қатысушылар үйгерген тәсілдері үшін алғыстарын кері байланыс арқылы жеткізді.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы

Р.Керімбекова